«111 – AMANAT» байланыс орталығы/сенім телефоны ашылды
- Дата: 04.12.2023
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылғы 16 қазанда Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі бірыңғай мемлекеттік «111 – AMANAT» байланыс орталығы/сенім телефоны ашылды.
Байланыс орталығы Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың, әлеуметтік көмек пен мемлекеттің қолдауына мұқтаж буллингтің құрбаны болған азаматтардан өтініштерді, сондай – ақ баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы хабарламаларды қабылдайды. Байланыс орталығы әрбір өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтерді тарта отырып, кешенді көмек көрсетеді.