Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

13 қыркүйек күні "Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу" профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы мақсатта бүгін 13 қыркүйек күні 9-10-11 класс оқушыларына "Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу" тақыбында мектеп директоры Байниязова Нүргүл Жолмырзақызының қатысуымен профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережесі, қоғамдық жерде өзін өзі ұстай білу, жат қылықтардан аулақ болу, электронды темекінің адам өміріне зияны, бопсалаушылықты болдырмау, кешкі мезгілде көшеде себепсіз жүрмеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.