15 қарашада мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев 6,7,8 класс оқушыларына «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- Дата: 15.11.2023
15 қарашада мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев 6,7,8 класс оқушыларына «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға аралық аттестаттаудың білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім екендігі айтылды.
✅ Аралық аттестаттау мақсаты- білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.
✅ Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.