Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

2 қараша күні волейболдан жарыс өтті

Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ - ұлт болашағы  болмақ. І.Есенберлин атындағы #15 орта мектепте 2 қараша күні 6-7-8 кластың әкелері мен ағалары арасында волейболдан жарыс өтті. Бұл жарыс отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау Даналық мектебінің "Әкелер" мен "Ағалар" арасындағы қарым қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден дені сау ұлттың қалыптасуына ат салысады, екіншіден жарысқа қатысқан әр әке мен аға рухани және мәдени мереке сыйлайды. Сонымен қатар бұл жарыс мектеп оқушылары мен ата аналар арасында спортты кеңінен насихаттау, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және ұлттық патриоттық сезімді оятуға үлкен үлесін қосуда. Волейбол жарысымыз алдағы уақытта ата аналар арасында өз жалғасын табатын болады. Бүгінгі шарамызға келіп, өз үлестерін қосқан әкелер  мен ағаларға алғысымызды білдіреміз.