20 наурыз — Ұлттық спорт күні
- Дата: 20.03.2024
20 наурыз — Ұлттық спорт күні. Бұл күні мектеп оқушыларының қатысуымен дене шынықтыру мұғалімдері түрлі спорттық шаралар өткізді. Атап айтсақ, еркін күрес, асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, арқанға міну сияқты жарыстар ұйымдастырылды. Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді. Жарыс соңында оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.