2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
- Дата: 12.10.2023
Бүгін, 9 және 11 класс оқушыларына мектеп директоры Н.Ж.Байниязова және мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев мемлекеттік қорытынды аттестаттау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға қорытынды аттестаттаудың ережелері, пәндер бойынша тапсырмалардың үлгілері, бағалау шәкілі таныстырылды. Оқушылар түсінбеген мәселелер бойынша сұрақтарына жауаптарын алды.