Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

2023 жылдың 19 желтоқсан күні мектебімізде кезектен тыс қамқоршылық кеңестің отырысы өтті.

2023 жылдың 19 желтоқсан күні мектебімізде кезектен тыс қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Отырысты қамқоршылық кеңестің төрайымы Джамангарина Гүлнұр Саматовна мүшелерімен өткізді.
Қаралған мәселелер:
1.Мектепте Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру.
2.Жекелеген санат оқушыларына жаңа жылдық тәттілер дайындау. Облыста қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, тиісті санитариялық-эпидемиологиялық шаралары қатаң сақталуы қажет. Сол себептен Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар мектеп қабырғасында өткізу ұсынылды. Жаңа жылдық шырша 28 желтоқсан күні, сынып сағаттары түрінде өтеді. Жаңа жыл шарасына дайындық кезінде әрбір білім алушыға жеке көзқарас қағидалары және балалардың қауіпсіздігі шараларының сақталуы қамтамасыз етіледі.