2023 жылдың 31 қараша күні Ата-аналарды қолдау институның кезекті 10–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған № 2 сабақ өтті.
- Дата: 30.11.2023
2023 жылдың 31 қараша күні Ата-аналарды қолдау институның кезекті 10–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған № 2 сабақ өтті. Тақырыбы: Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі. Сабақтың мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
• Эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша қызығушылықты қалыптастыру
• Эмоционалды интеллектінің құрылымдық компоненттері туралы түсінік беру (өзіндік сана-сезім, эмпатия, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынасты реттеу)
• Өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту
• Өз эмоционалдық жай-күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында ата-аналармен «Бір минут ішінде сурет сал» психосуреті,
«Қорқыныш», «Ашу», «Қайғы», «Қуаныш» эмоциялардың атаулары жазылған карточкаларды алып, оның қандай эмоциялар тобына жататынын анықтау ұсынылды. Ата-аналар сабаққа жақсы қатысып, өз ойларын ортаға салды.