Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

2023 жылдың 8 қараша күні 5-8 класс аралығында «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

2023 жылдың 8  қараша күні 5-8 класс аралығында 
«Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі тақырыбында  ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. І тоқсан қорытындысы. Білім сапасы.  Мектеп оқушыларының тәртібі (сабаққа қатысым, сабақтан кешігу, мектеп формасын сақтау, дене шынықтыру пәнінен спорт киімдерін әкелу, екінші аяқ киім кию, оқу құралдарының түгел болуы, кешкі мезгілде көшеде себепсіз жүрмеу, өмір қауіпсіздігін сақтау т.б.)
2. 2023-2024 оқу жылындағы барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге асырылу жайлы ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобалар:
1. «Оқуға құштар мектеп»
2. «Балалар және театр»
3. «Еңбегі адал жас өрен» (Еріктілермен жұмыс)
4. «Ұшқыр-ой алаңы»
5. «Жеткіншектің жеті жарғысы»
6. «Ұлттық мектеп лигасы»
7. «Ғаламтор қауіпсіздігі»
8. «Төрт тоқсан-төрт өнер»
9. «Тоғыз ай-  тоғыз іс-шара»
10.«Ата-аналар мектебі» жобаларымен таныстыру.
3. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы, «Даналық мектебі» туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
4. Мектепте оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандық таңдау – экономикалық өсуге мүмкіндік» жобасымен таныстыру.
5. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру бойынша 6қараша мен 25 мамыр аралығында ата-аналардың кезекшілігі ұйымдастыру, бұйрықпен таныстыру, келетін күндерін белгілеу.
6. Мектептегі үйірмелермен таныстыру.
7. Әртүрлі мәселелер қаралды.
Жиналыстың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Ата-аналармен бірлесіп отбасы тәрбиесінің  құндылықтарын талқылау.  Ата-ана, бала, мектеп үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.