2024 жылдың 02 мамыр күні Қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес І.Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде «Мамандық таңдау – экономикалық өсуге мүмкіндік» тақырыбындағы кәсіби бағдар беру мамандарына арналған қалалық семинар өтті. Мақсаты: Оқушыларға кәсіби бағдар бере отырып, кәсіби қызметке деген көзқарастарын қалыптастыру, мамандық таңдауға көмектесу.
Аталған шараға «Ақтөбе қалалық» «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Ж.Базарбаева мен қала мектептерінің кәсіби бағдар беру мамандары қатысты. Семинарды өдіскер А.Ж.Базарбаева мен мектеп директорыН.Ж.Байниязова алғы сөзбен ашты. Семинар мектеп психологтарыА.Б.Избасарова мен Н.Б.Жыганованың «Жағымды көңіл-күй орнату треннингімен басталды.
Семинар барысында теориялық бөлім: «Мамандық таңдау – экономикалық өсуге мүмкіндік» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Н.Карагулова жыл бойы жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Практикалық бөлімде «Кәсіптік бағдар беру – табысты болашаққа маңызды қадам» сұранысқа ие болашақтағы 10 мамандық бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Б.Танашева, қазіргі таңдағы сұраныстағы салалардың бірі СММ мобилография жұмысымен биология пәні мұғалімі Г.С.Смадиллаева өз жұмыстарын көрсетті. Дебат жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Е.С.Биғапылов «Мамандық таңдау-маңызды шешім» тақырыбында оқушылардың қатысуымен пікірсайыс ойынын өткізді, «Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында жоба жетекшілер тарих пәнінің мұғалімі Б.Е.Қанаева және биология пәнінің мұғаліміА.Ы.Тыныбекова мамандарға коучинг жұмысын көрсетіп, постер, ассоциация құру, ашық микрафон сұрақ-жауап әдістерімен жұмыс жаады. Семинар соңында қатысушылардан кері байланыс алынып, рефлексия жасалды.