29 наурызда мектебімізде "Мейірім жүректен - қайырым білектен" тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өткізілді.
- Дата: 29.03.2024
29 наурызда мектебімізде "Мейірім жүректен - қайырым білектен" тақырыбында кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте төмендегі мәселелер қарастырылды: 1. Мектептегі әлеуметтік қолдау жұмысының өзектілігі. 2. ІІІ тоқсан бойынша мектеп білім сапасының қорытындысы. 1-ші мәселе бойынша мектеп директорының ТЖ орынбасары Р.Ж.Имандосова сөз сөйлеп мектептегі жекелеген санаттағы оқушылармен жүргізілген жұмыстар есебін ұсынды. 2-ші мәселе бойынша мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев мектептің ІІІ тоқсандағы білім сапасын баяндады. Мектеп директоры Н.Ж.Байниязова көтерілген мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтып, қаулы қабылданды.