Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

3 қарашада ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында воллейболдан жарыс өтті.

Спорт қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, физикалық қабілеттерін дамытуға және адам денсаулығын нығайтуға бағытталған  саланың бірі болып табылады.  Осы орайда қараша айының 3 күні мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдері Құлынбаев Аманбек Амандықұлы, Аязбаев Сергазы Айбергенович және  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Карагулова Сауле Нурлановнаның  ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында воллейболдан жарыс өтті.  Жарысқа тарих, ағылшын тілі, бастауыш сынып, математика, физика және жаратылыстану пәні мұғалімдері қатысып, тартысты ойын өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша І орын иегерлері - бастауыш сынып мұғалімдері, ІІ орын иегерлері -математика мен физика мұғалімдері, ал  тарих, ағылшын, жаратылыстану  пәні мұғалімдері ІІІ орын иегерлері атанды. Шара соңында мектеп директоры Байниязова Нұргүл Жолмырзақызы жарысқа қатысушы мұғалімдерді құттықтап, дипломмен марапаттады.