«Ізінен аңыз ерген Ілияс Есенберлин» атты ғылыми- тәжірибелік конференция
- Дата: 05.01.2024
Облыстық әдістемелік орталығымен бірлесе отырып Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде қазақ әдебиетінде алғаш болып, тарихи тақырыпқа қалам тербеп, оқырманды өткен күндердің белесіне самғата білген шебер жазушы, қазақты әлемге танытқан қаламгер Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай «Ізінен аңыз ерген Ілия Есенберлин» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Бүгінгі «Ізінен аңыз ерген Ілияс Есенберлин» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға Ақтөбе облысының әдістемелік орталығының директоры Ж.Д.Нургалиева, Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебінің директоры Н.Ж.Байниязова, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері, п.ғ.м Қ.И.Куразова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің донценті, ф.ғ. кандидаты, филология кафедрасының оқытушысы, магистр, докторант Г.Обаева, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.М. Джуллаева қатысып баяндама оқыды. Конференцияға 75 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысты. Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәні мұғалімдері Г.Конкабаеваның, Л.Ормаханованың, Б.Арызгулованың, Ж.Адаеваның, Р.Қалидің, Б. Канаеваның, Г.Сартаеваның, Е.Биғапыловтың ұйымдастыруымен 5-11 класс оқушыларының «Көңіл - дастаны» атты поэзиялық кеші мен пленарлық секциядағы баяндамашылар мен секциялық бағыттағы іс-тәжірибе алмасу мақсатындағы шебер кластар «жоғары» деңгейде өтті.
«Қазақ әдебиетінің тарланы», «Қазақтың ұлттық санасын оятқан тарихшы», «Ілияс Есенберлин - қазақ тарихының жаршысы» тақырыбындағы секциялық бөлімдегі шебер класта өткізілген жұмыс түрлеріне мұғалімдер қызығушылықпен қатысты. Конференцияға қатысушылар кері байланыста «жоғары» деңгейде өтті деп бағалады.
Конференция қорытындысы бойынша «Үздік баяндамашылар» мен белсене атсалысқан қаза тілі мен әдебиеті, тарих пәні мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды. Конференцияға қатысушыларға материалдар жинағы мен сертификат табысталды.