Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп әкімшілігінің қатысуымен класс жетекшілер жиналысы өтті
- Дата: 12.01.2024
12 қаңтар күні оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп әкімшілігінің қатысуымен класс жетекшілер жиналысы өтті. Жиналысты мектеп басшысы Байниязова Нүргүл Жолмырзақызы оқушылардың кешкі мезгілде көшеде себепсіз жүрмеу керектігін, мектептің ішкі тәртібін сақтау, мектеп мүлкін бүлдірмеу, қоғамдық жерде өзін-өзі ұстау, бопсалаушылыққа жол бермеу, сабақтан кешікпеу, себепсіз сабақтан қалмау, мектеп формасын сақтау мәселелерін түсіндіріп өтті.