Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

"Адал еңбек - өмірді жақсартудың басты құралы" тақырыбында сыныптан тыс шара өтті.

29.11.2023 күні І.Есенберлин атындағы #15 ОМ - де "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында 3ә,6б,8а класс оқушыларының қатысуымен "Адал еңбек - өмірді жақсартудың басты құралы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. 
Шараның негізгі мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, жақсылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық әрекет екендігін түсіндіру.
Шара аясында оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, өздерінің білім-білік дағдыларын көрсетті. Самғау тобы самғап, мамандық мәртебесіне тоқталса, Аманат тобы сол мамандықты адал меңгеру жайында сөз қозғады, ал Әділет тобы аманат етілген әр қызметтің адал,әділ иелері болудың басты шарттарын айқындап көрсетті. Сыныптан тыс шараны бастауыш және орта буын оқушыларымен бірлесе өткізу бір - бірінен үлгі алуға, тіл табысуға ықпал жасады. Жақсыдан үйреніп қана қоймай, сол үйренген жақсы әрекеттерін адал атқаруды мақсат тұтты оқушылар. Ш.Құдайбергеновтың "Адамдық борышың" өлеңінің мағынасын түсініп ,ұтымды сөздермен кері байланыс берді. Сыныптан тыс шарада ұшқыр ойлар, тұшымды пікірлер, адами құндылықтар айтылып, жағымды нотада өз мәресіне жетті.
3”Ә” сынып жетекшісі Василиева А.М.
6”Б”сынып жетекшісі Канаева Б.Е.
8”А”сынып жетекшісі Жолдыбаева Г.С.