“Ата-аналарды педагогикалық қолдау” бағдарламасы
- Дата: 31.01.2024
Мектебімізде мектеп психологтары А.Б.Избасарова мен Н.Б.Жыганованың ұйымдастыруымен 31 қаңтар күні “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” бағдарламасы аясында 1-4 класс оқушыларының ата-аналарына “Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады” тақырыбында кезекті 4-сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында ата-аналарға үйде балаларымен бірге ойнауға болатын түрлі ойын түрлері ұсынылып, топтық жарыс форматында өткізілді. Ата-аналар белсене қатысты.