«Бастауыш класс сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы шығармашылығын дамыту» тақырыбында бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті
- Дата: 18.03.2024
2024 жылдың 18-наурызы күні І.Есенберлин атындағы #15 орта мектебінде ,,«Бастауыш класс сабақтарында белсенді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы шығармашылығын дамыту» тақырыбында бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің бастауыш класс мұғалімдері қатысты.Семинарда бастауыш класс мұғалімдері Қойлыбаева Э.О., Сенгалиева Б.Т., Василиева А.М. ашық сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында «Біз бақытты балдырған» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Семинар соңында қатысушылардан кері байланыс алынды.Семинарға қатысушылар жоғары деңгейде өтті деп бағалап,жақсы пікірлерін білдірді.