«Білім берудегі белсенді оқыту әдіс-тәсілдері» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
- Дата: 02.11.2023
Бүгін, «Білім берудегі белсенді оқыту әдіс-тәсілдері» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте төмендегі мәселелер қарастырылды:
✔ Оқушылардың білім сапасын арттырудағы оқытудың белсенді әдістерінің ерекшелігі;
✔ 1 тоқсан бойынша мектептің білім сапасының қорытындысы.
1-ші мәселе бойынша мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев белсенді оқыту әдістері бойынша баяндама оқып, әдіс түрлерін көрсетті. Сонымен қатар әр бірлестік педагогтарға тәжірибеде қолданып жүрген тиімді әдістерін көрсетіп, топтармен жұмыс жасады.
2-ші мәселе бойынша мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев 1 тоқсан бойынша кластар мен пәндер қорытындысын атап өтті. Әр класс жетекші класының білім сапасын талдады.
Мектеп директоры Н.Байниязова педагогикалық кеңес қаулысын оқып, ұсыныстар берді.