Бірінші байлық- денсаулық
- Дата: 27.09.2023
“Бірінші байлық- денсаулық” деп дана халқымыз айтқандай еліміздің әр бір азаматы зиянды әдеттерден сақтануы керек. Осы орайда мектеп оқушыларына 27 қыркүйек күні 2023 жылы мектебімізде әдеп қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға шықыру, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру мақсатында “Денсаулық - баға жетпес құндылық“ тақырыбында АО КДЦ психологы Сатаева Әсел Канибаевна мен ЖИТС орталығының маманы Матаева Меруерт Қанатқызы және 9-10-11 класс оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алуына байланысты мектептің ішкі тәртіп ережесі, буллингтің алдын алу, қоғамдық жерде өзін ұстау, әдеп, тәртіпті сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Ақтөбе қаласы ІІБ Алматы ауданы №3 ҚПБ кәмелетке толағандар жөніндегі учаскелік мектеп иснпекторлары Г.Ж.Каримсакова, А.К.Омарова, Ж.Б.Абдуллаеваның қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің соның ішінде электронды темекінің жас организмге зиянды екенін түсіндіріп, АИТВ жұқпасының алдын алуы, өзге де өзекті мәселелер туралы айтыылып, слайд арқылы ақпарат беріліп, видео көрсетілді. “Денсаулығыңды ақсатқаның- өзіңді өзің қақсатқаның” дегендей, әр адам өз денсаулығын қорғай білуі керек.