Біртұтас тәрбие бағдарламасы
- Дата: 29.01.2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде,құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Ұлттық мектеп лига» жобасы аясында бүгін, 2024 жылдың 30 қаңтар күні 6-7-8 кластың ер балаларына , спорт деген бір сиқырды жанына серік еткен, әлемдік аренада топ жарып жүрген, «Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары» атты спорт чемпиондарымен кездесу өтті. Кездесуге
- Грек-рим күресінен Қазақстан чемипионаты, U-15 жас аралығындағы Азияның күміс жүлдегері, Ибраев Аянбек;
- Грек-рим күресінен Қазақстан чемипионаты, U-17 жас аралығындағы Азияның күміс жүлдегері, Қалмағанбетов Қазбек;
- Грек-рим күресінен Қазақстан чемипионаты, U-17 жас аралығындағы гимназияда чемипионы Ықыласов Ақжан;
- Қаламызда бұқаралық спорттың дамуына ықпал етіп, салауатты өмір салтын белсенді насихаттаушы жаттықтырушы бапкер, мектеп түлегі Шаңғытбаев Саясат Ерболович;
- Мектеп түлегі, мектебіміздегі грек-рим күресінің жаттықтырушысы Сәдіров Бауыржан Мәулімжанұлы қатысты.
Кездесу іс-шараның басты мақсаты өскелен ұрпақты спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтына дәріптеу, тәртіп пен тәрбиені қатар алып жүру, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу. Іс шара барысында оқушылар спортшыларымызға сұрақтар койылып, сұхбаттасты. Келген спортшыларымызға алғыс білдіріп, алдағы қойған мақсаттарына жетіп, көк туымызды желбіретіп, Әлем чемпионы дәрежесіне жетсін дейміз.