Бүгін, 29.04.2024 жылы 11 класс оқушыларының ата-аналарына мектеп әкімшілігі тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- Дата: 29.04.2024
Бүгін, 29.04.2024 жылы 11 класс оқушыларының ата-аналарына мектеп әкімшілігі тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев "2023-2024 оқу жылы бойынша қорытынды аттестаттауды өткізу туралы" хабарлама жасап, бітіруші түлектердің емтихан тапсыру ретімен таныстырды. Мектеп директоры Н.Ж.Байниязова оқушылардың қорытынды аттестаттау тапсырудағы тәртіптік ережелер, бітіру кештеріндегі қауіпсіздік, бітіру кештеріне арналған қаражат жинамау туралы баяндады. Сонымен қатар оқу жылының аяқталуы сыныпта тәрбие сағаты ретінде өтетіндігі айтылды. Мектеп директорының ТЖ орынбасары С.Н.Карагулова оқушылардың жол қауіпсіздігі, бітіру кештеріндегі оқушы тәртібі, кешкі уақыттағы оқушылардың жүру тәртібі туралы хабарлады.