Денсаулық-зор байлық
- Дата: 08.09.2023
Ақтөбе қаласы І.Есенберлин атындағы N15 орта мектебі, “Сергіту сәті” челленджі 2-11 сыныпқа арналған жаттығулар кешені. "Денсаулық-зор байлық”демекші, бүгін 8 қыркүйекте оқушылардың дене белсенділігін арттыру мақсатында республиканың барлық елді мекендерінде “Дене сергіту” челленджі өтті. Челлендждің мақсаты-оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Мектеп оқушылары спорттық жаттығуларға қатысып “Дене сергіту” челленджіне өз үлесін қосты.