“Еңбегі адал жас өрен” жобасы
- Дата: 06.03.2024
Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында “Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша 11 “А” класының жетекшісі А.Ж.Сабанбаеваның ұйымдастыруымен “Қоғам игілігіне қызмет ету “ тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел әкелердің қатысуымен өтті. Мақсаты: Қоғамда адамзатқа риясыз қызмет ету туралы пікір алмасу және оның құндылықтарын ашу. Дөңгелек үстелге қатысқан әкелер өздерінің өмірлік тәжірибесінен өнегелі әңгімелерімен бөлісті. Оқушылардың ойларын тыңдап, ақыл кеңестерін айтты. Дөңгелек үстел тәрбиелік мәнді , қызықты өтті. Оқушылар белсене қатысты.