Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында І.Есенберлин атындағы #15 орта мектеп оқушылары мен ұстаздары тыл ардагерлерін 9-мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтады.

Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында І.Есенберлин атындағы #15 орта мектеп оқушылары мен ұстаздары тыл ардагерлерін 9-мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтады. 
Тыл ардагерлері оқушыларға жасаған ауыр күндердегі адал еңбектері мен соғыс жылдардағы қиындықтар туралы әңгімелеп берді. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы ерекше құрметке ие.
Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. 
Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің,  жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!