Халық қаһарманы , Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай кездесу өтті
- Дата: 18.01.2024
Бүгін 18 қаңтар 2024 жылы мектебімізде Алғашқы әскери дайындығының мұғалімі, «Ер батыр» ер балалар клубының жетекшісі Жамаладинов Нурболат Қойлыбаевичтің ұйымдастыруымен 10-11 класс оқушыларына Қеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс Министрі Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына арналған ерлік сабағы өтті. Оқушылардың рухани – адамгершілігін дамыту, отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтқан сарбаздардың ерліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, әскери қызметтегі ардагерлер ерлігін, игі істерін насихаттау, және сол арқылы жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ауған ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтарымыз: Мурсалимов Ермекбай Жеткеншекович; Исангулов Жуламан Нургалиевич; Садыков Султанбек Турмаганбетович болашағымызды жалғайтын жас толқынға Отан қорғаудың қасиетті борыш екендігін түсіндіре отырып, жауынгерлердің Отан қорғаудағы, бейбіт елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы қалтқысыз қызметі жөнінде әдемі әңгіме өрбітті. Кейінгі жастарға үлгі аларлық оқиғаларды әсерлі әңгімелеп бергендеріңіз үшін, мектеп ұжымы атынан және шәкірттер атынан көп-көп алғыс айтамыз. «Ерлік ешқашан ескірмейді» деген бүгінгі жас сіздерді әрқашанда мақтан тұтады. Ауған соғысы ардагерлерге мықты денсаулы, ұзақ өмір, отбастарының амандығын тілейміз.