Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Хабарландыру!

Хабарландыру!
Ақтөбе қаласы , «Ілияс Есенберлин атындағы №15 ОМ»КММ   «Әлеуметтік педагог» лауазымына  1 бірлік   жүктеме бойынша уақытша   бос орынға(декреттік орын ) конкурс өтетінін хабарлайды.Жалақы мөлшері -101000 тенге.

Педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012жылғы 21 ақпандағы  №57 бұйрығының (22.12.2022 жылғы №513 бұйрық,өзгерістерімен)талаптарына  сәйкес жүргізіледі.

Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту  орталығының «enbek.kz» сайтынан,мектептің  инстаграм  «aktobeschool_15» және «Aktobe Schoolfifteen Kmm»  фейсбук парақшаларынан көруге болады.  

Конкурсқа құжаттар қабылдау  мерзімі: 27.12. 23.- 09.01.2024 жыл
Конкурс өткізу күні:12.01.. 2024 жыл
Конкурс өткізетін мекеме: «Ілияс Есенберлин атындағы №15 ОМ»КММ
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы ,Гоголь көшесі 12
Эл.поштасы: i.esenberlin_15@mail.ru
Телефон: 45-81-98,87711054802

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.  

Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)  «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

Біліктілікке қойылатын талаптар жоғары педагогикалық білімі; әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.