Хабарландыру
- Дата: 20.12.2023
Ақтөбе қаласы , «Ілияс Есенберлин атындағы №15 ОМ»КММ «Әлеуметтік педагог» лауазымына 1 бірлік жүктеме бойынша уақытша бос орынға(декреттік орын ) конкурс өтетінін хабарлайды.Жалақы мөлшері -101000 тенге.
Педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 жылғы №513 бұйрық,өзгерістерімен)талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан,мектептің инстаграм «aktobeschool_15» және «Aktobe Schoolfifteen Kmm» фейсбук парақшаларынан көруге болады.
Конкурсқа құжаттар қабылдау мерзімі: 14-23.12. 2023 жыл
Конкурс өткізу күні: 26.12. 2023 жыл
Конкурс өткізетін мекеме: «Ілияс Есенберлин атындағы №15 ОМ»КММ
Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы ,Гоголь көшесі 12
Эл.поштасы: i.esenberlin_15@mail.ru
Телефон: 45-81-98,87711054802
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.
Құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
Біліктілікке қойылатын талаптар жоғары педагогикалық білімі; әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.