Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Хабарландыру!

Ақтөбе қаласы , «Ілияс Есенберлин атындағы №15 ОМ»КММ   «Дефектолог» лауазымы бойынша 0,5 жүктеме бойынша тұрақты  бос орынға ( 0,5- жүктеме) конкурс өтетінін хабарлайды.

Педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012жылғы 21 ақпандағы  №57 бұйрығының (19.11.2021ж.№568 бұйрық,өзгерістерімен)талаптарына  сәйкес жүргізіледі.

Мектептегі бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту  орталығының «enbek.kz» сайтынан,мектептің  инстаграм  «aktobeschool_15» және «Aktobe Schoolfifteen Kmm»  фейсбук парақшаларынан көруге болады.  

Конкурсқа құжаттар қабылдау  мерзімі: 02-13.10.2023 жыл

Конкурс өткізу күні: 17.10.2023 жыл

Конкурс өткізетін мекеме: «Ілияс Есенберлин атындағы №15 ОМ»КММ

Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы ,Гоголь көшесі 12

Эл.поштасы: i.esenberlin_15@mail.ru

Телефон: 45-81-98,87711054802

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады. 

Құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)  «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

 Біліктілікке қойылатын талаптар:     Арнайы педагогика" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі.