Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

11 класс оқушыларына мемлекеттік бітіру емтихандары басталды

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің “Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебінде” қазақ тілі пәнінен 11 класс оқушыларына қорытынды аттестаттау емтиханы бастау алды. Қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы, мектеп директоры Байниязова Н.Ж. емтихан комиссиясының төраға орынбасары, мектеп директорының ОТЖ орынбасары Балғалиев А.Н. Комиссия мүшелері: - директордың ҒӘЖД орынбасары Дағарова А.Ш. және қамқоршылық кеңесінің төрағасы Г.Джамангарина, қазақ тілі пәні мұғалімдері Арызғұлова Б., Қали Р., Ормаханова Л., Қоңқабаева Г., "Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі" МКҚК маманы Алдамжаров Б.Е. қатысуымен 2023 жылдың 05 маусым күні қорытынды аттестаттау материалдары салынған сілтеме және конверт ашылып, емтихан жұмысы өз бастауын алды. Емтихан 3 сағатқа созылып, "Алтын белгіге" үміткер оқушылардың жұмыстары облыстық білім басқармасының жанынан құрылған комиссияға апарылды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.