11 класс оқушыларына ЖОБ туралы аттестат берілді
- Дата: 02.06.2023
Бүгін, 2022-2023 оқу жылының 11 класс оқушыларына жалпы орта білім туралы аттестат табыстау кеші өткізілді. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханының нәтижесі бойынша 47 түлектің 9 оқушысы "Алтын белгі" иегері атанып, 1 оқушы "Үздік" аттестатқа ие болды. Мектеп түлектеріне мектеп директоры Н.Ж.Байниязова, қамқоршылық кеңес мүшесі Қанатова Г., 11 класс оқушыларының ата-аналарына ыстық лебізін білдіріп, алдағы үлкен өміріне сәттілік тіледі.