«Құмар ойындары –тәуелділік қақпаны» атты тақырыпта кезекті №5 сабағы өтті
- Дата: 29.02.2024
Бүгін, 2024 жылдың 29 ақпан күні Ата-аналарды қолдау орталығының «Құмар ойындары –тәуелділік қақпаны» атты тақырыпта кезекті №5 сабағы өтті. Сабақ мақсаты: Компьютерлік ойындарға тәуелділік ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру. Сабақ барысында ата-аналардың компьютерлік ойындарға тәуелділіктің алдын алу мәселелеріне қызығушылығын арттыра отырып, ата-аналардың балаларды интернет-алаяқтардыңқауіп-қатерінен қалай қорғауға болатыны туралы түсініктер берілді. Балаларды ата-аналарымен бірге әлеуметтік желілерде қорғануға үйрету. Баланың бойындағы ойынға тәуелділіктің қандай белгілері болатынын, оны алдын алу шаралары туралы мағлұмат берілді. Ата-аналарға видеолар көрсетіліп, сабақ соңында талдау, талқылау, өз ой пікірлерін білдіру жұмыстары жүргізілді. Өзіңдің және балаларыңыздың амандығын сақтаңыз!