Құрметті ұстаздар сіздерді көктемнің алғашқы күнімен сәйкес келген Алғыс айту күнімен құттықтай отырып, биылғы оқу жылы түлектері атынан шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
- Дата: 01.03.2024
Құрметті ұстаздар сіздерді көктемнің алғашқы күнімен сәйкес келген Алғыс айту күнімен құттықтай отырып, биылғы оқу жылы түлектері атынан шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Ересек өмірге алғашқы қадамдарымызды жасай отырып, әрқайсымызға зор үлес қосқан барлық ұстаздарымыз бен мектеп әкімшілігімізге алғысымыз шексіз. Білім, қамқорлық, қолдау, мәңгілік ынталандыру, мақсатқа жетуге жол сілтегендеріңіз үшін рахмет. Бізге сеніп, әрқашан көмектескеніңіз үшін рахмет. Сіздер итермелеген биіктерге жетуге деген үмітіңізді шын жүректен ақтағымыз келеді. Барлығы үшін рахмет және сіздерге барлық жақсылықты тілейміз! Бір үміт артып балаңа сенгенің үшін,
Бір сенім артып біздерге келгенің үшін,
Сəтіңді қиып баулыған еңбегің үшін,
Мың алғыс саған ұстазым мың алғыс саған!!!