Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Қызылшаның алдын алу мақсатында СЭС мамандарымен отырыс өтті

Бүгін 18 қаңтар 2024 жылы мектептің ата-аналарына  СЭС мамандары мен дәрігерлер Қызылшаның алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп анықтама берді.
Қызылша – ауа тамшы жолымен жұғатын, ауыз, мұрын, көздің шырышты қабаттарының қабынуымен, дене қызуы жоғарылаумен және бастысы бөртпе шығуымен жүретін жұқпалы вирусты ауру.
Қызылшаның алдын алу: қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады.
Жұғу жолдары: вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Инфекция көзі – төртінші күн бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда кез келген жаста ауруға шалдығу қаупі сақталады.
Асқынуы: қызылша ауруының асқынуы құлақтардың қабынуы (отит), пневмония, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және менингитке, тіпті соқырлыққа алып келуі мүмкін. Асқынуы 5 жасқа дейінгі балаларда және ересектерде жиі кездесіп, ауру ауыр өтеді.
Қызылшаның алдын алу: қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылатынын ескертті.