«Мектепке жол» акциясы
- Дата: 29.09.2023
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, облыстық білім басқармасының 18.07.2023 жылғы №5-15-2/4267-И шығыс хаты, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің 4 тамыз 2023 жылғы №02-03/1734 «2023 жылғы 1 тамыз-31 тамыз аралығында дәстүрлі қайырымдылық «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу туралы» хаты негізінде 4 тамыз 2023 жылы мектепішілік №116а бұйрығы шығарылып, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
«Мектепке жол» акциясы тамыз айының 1-31-і аралығында жүргізілді, мектебіміздегі жекелеген санаттағы оқушылардың қажеттілігі ескеріліп, демеушілер іздеу, сұраныс беру және акцияға мектебіміздің ата – аналар қоғамдастығы, мектеп ұжымы тарапынан қолдау көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.
Акция барысында мектебіміздің жекелеген санатқа жататын және биылғы оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 класс оқушыларына төмендегідей көмек түрлері көрсетілді:
"Мектепке жол" республикалық акция аясында Ақтөбе қалалық маслихат депутаты Шынар Ершілік және мектебіміздің түлектері биылғы оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған, жекелеген санатқа жататын 5 оқушыға мектеп формасын алып берді.
Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты Қойлыбаев Марат Айтуғанұлының демеушілігімен мектебіміздегі 9 отбасы азық-түлікпен қамтылды.
Ата-аналар мен мектеп мұғалімдерінің демеушілігімен 7 класс оқитын жекелеген санаттағы 1 оқушыға ақ жейде, шалбар, спорттық аяқ киім, сумка және оқу құралдары, бастауыш кластың 5 оқушыға сумка, 2 оқушыға аяқ киім алып берілді.
«Халық Банк» демеушілігімен 3 оқушыға сөмке оқу құралдарымен табысталды.Барлығы акция аясында 9 отбасыға, 16 оқушыға көмек көрсетілді.