Оқу үдерісіндегі ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен атқарылған жұмыстар
- Дата: 24.11.2023
24.11.2023 күні “Оқу үдерісіндегі ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен атқарылған жұмыстар” тақырыбында педагогикалық-психологиялық консилиум жүргізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Балғалиев ЕББҚЕ оқушыларға қолдау көрсету аясындағы жүргізілетін жұмыстармен таныстырды
2. I тоқсан бойынша пән мұғалімдері мен класс жетекшілері ЕББҚЕ оқушылар үлгерімінің талдамасымен таныстырды.
3. Мектеп психологтары А.Б.Избасарова және Н.Б.Жыганованың ЕББҚЕ оқушылармен жүргізілген зерттеу жұмыс қорытындысымен таныстырды.
4. Мектеп логопеді және дефектологы Э.К.Ермағанбетова I тоқсан бойынша жүргізген жұмыс қортындысымен таныстырды.
Педагогикалық-психологиялық консилиумды қорытындылай келе ЕББҚЕ оқушылардың класс жетекшілері мен пән мұғалімдеріне ұсыныстар берілді.