Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

“Оқу үдерісіндегі ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен атқарылған жұмыстар қорытындысы” тақырыбында педагогикалық - психологиялық қолдау қызметінің консилиумы өтті

22 қаңтар күні “Оқу үдерісіндегі ерекше қажеттіліктері бар оқушылармен атқарылған жұмыстар қорытындысы” тақырыбында педагогикалық - психологиялық қолдау қызметінің консилиумы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. ІІ тоқсан бойынша ЕББҚЕ оқушылар үлгерімінің талдамасы: Класс жетекшілер
2. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдерінің ұсынымдары: Пән мұғалімдері. 
3. Мектеп дефектологының ЕББҚЕ оқушылармен жүргізген жұмыс қорытындысы: Мектеп дефектологы Г. Жақсығұлқызы
Әр мұғалім атқарылған жұмыс қорытындыларымен таныстырып, өзара пікірлесу болды. Мектеп директорының ОТЖ орынбасары А.Н.Балғалиев ЕББҚЕ оқушылардың үлгерімін баяндап өтті. Мектеп директоры Н.Ж.Байниязова қорытынды сөз сөйлеп, ЕББҚЕ оқушыларға үнемі қолдау білдіріп отыру қажеттігін айтты.