"Оқытудағы жаңа әдістерді пайдалана отырып сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру" атты практикалық семинар
- Дата: 10.11.2023
10 қараша 2023жылы мектебіміздегі "Даму" шығармашылық тобының жетекшілері И.Тукешева мен Ж.Адаеваның ұйымдастыруымен "Оқытудағы жаңа әдістерді пайдалана отырып сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру"атты практикалық семинар өткізді.Мақсаты: оқытудағы жаңа әдістерді пайдалану арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдыларын жетілдіру бойынша тәжірбие алмасу.Тақырыпқа сай теориялық ақпарат беріліп,топтық жұмыстар орындалды..Мұғалімдер қызығушылықпен белсене қатысты.