Шығармашылық топ
- Дата: 04.10.2023
Мектебімізде озат тәжірибе ортасын құру, мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату, шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету, мақсатында 2022-2023 оқу жылында құрылған «Даму», «Табыс» , «Самғау» шығармашылық топтары биылғы оқу жылында жұмысын жалғастыруда.
2023 жылдың 25 қыркүйек күні мектеп директорының ҒӘЖ орынбасары А.Дағарованың қатысуымен шығармашылық топ жетекшілерінің отырысы өтіп, жаңа оқу жылының мақсат, міндеттері белгіленіп, жұмыс жоспарлары талданды.