Төрт тоқсан - төрт өнер
- Дата: 27.10.2023
27 қазан күні “Төрт тоқсан - төрт өнер” іс шарасы аясында мектебімізде "Ақын елдің - ардағы" тақырыбында айтыскер ақын Марат Сәрсенбайұлымен кездесу өтті. Ахметов Марат Сарсенбайұлы 1985 Ақтөбе облысында дүниеге келген. Мектеп жасынан айтысқа қадам басқан. Бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы. Мәдениет саласының үздігі! Кездесуге мектебіміздің 5,9,10 класс оқушылары қатысты.