Жеке кәсіпкер М.Ж.Дарибаев және ата–ана Б.Б Бибалаев Жаңа жылдық тәттілерін сыйлап, сый-сыяпаттарын үлестірді
- Дата: 03.01.2024
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектебіміздің түлегі, жеке кәсіпкер М.Ж.Дарибаев және ата –ана Б.Б Бибалаев жекелеген санаттағы 1-5 класс аралығындағы 55 оқушыға және ерекше білім беруді қажет ететін бастауыш сынып оқушылары мен үйден оқытылатын оқушыларға Жаңа жылдық тәттілерін сыйлап, сый-сыяпаттарын үлестірді. Сонымен қатар, «Қамқоршылық кеңес» мүшелерінің демеушілігімен Аяз ата қоржынына салынған тәттілер барлық бастауыш сынып оқушыларына таратылды. Балаларымызды қуантып, мерекелік көңіл күй сыйлаған барлық демеушілерге мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.
Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға береке, бақыт тілейміз!