Ілияс Есенберлин атындағы № 15 орта мектебі, Ақтөбе қ.

Актобе қ., Гоголь көшесі, 12 үй

+7 (7132) 458197, 458198

Жұмыс уақыты: 08.00 - 18.00



Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет.

Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.
 Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.
Сол орайда мектебіміздің оқушыларының осы тақырып бойынша ойларын анықтау және білімдерін тексеру мақсатында « Жемқорлық-жабық құбылыс» атты сауалнама жүргіздік. Білім алушылардың осы ауқымды тақырып бойынша сұрақтарға тұшымды жауап бергені қуантады! Демек, жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан! 
  Қоғамның бақытты болашағын тежейтін , елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретін бұл қылмыс түрін бірге жеңейік✊🏻
«Адал ұрпақ »клубының жетекшісі Халидолла Асел Куспангаликызы.