Құрметті оқушылар, ата-аналар және мектеп ұжымы! Егер, сіздерде қандай да бір мәселелер туындап, оны бөліскілеріңіз келсе, әрдайым мектеп педагог-психологтарына сенім арта аласыздар! Ол үшін “Сенім жәшігіне” немесе “Сенім электрондық поштасына” 15.ortamektepkmm@mail.ru хаттарыңызды жолдауға немесе “Сенім телефонына” 45-81-97 қоңырау шалуларыңызға болады.
Мектеп педагог-психологтары:
Избасарова Асем Булатовна,
Жыганова Несибели Бектурганкызы.
АҚПАРАТ ҚҰПИЯ ТҮРДЕ САҚТАЛАДЫ!
- • Егер балаңыз тым тұйық әрі өтірікті көп айтатын болса, онда сіз балаңыздың әрбір қателігі үшін қатаң жаза қолданып, оның өткен қателіктерін жиі есіне салатын болуыңыз мүмкін.
- • Егер балаңыз қызғаншақ болса, онда сіз оны қатарластарымен жиі салыстыратын болуыңыз мүмкін.
- • Егер балаңыз жиі өкпелесе және жағдайдың көлеңкелі жағын ғана көруге бейім болса, онда сіз балаңызды оның жетістіктері үшін лайықты түрде мақтамаған болуыңыз әрі оның кемшіліктерін ғана байқап жүрген болуыңыз мүмкін.
- • Егер балаңыз өзге ортада қымсынып, ойын дұрыс жеткізе алмаса, демек сіз оны бөтен адамдардың көзінше көп сөгетін болуыңыз мүмкін.
- • Егер балаңыз қорқақ болса, онда сіз оны шектен тыс қорғаштайтын және оған кішігірім қиындықтардан өзіңіздің көмегіңізсіз өтуіне мүмкіндік бермейтін болуыңыз мүмкін.
- • Егер балаңыз депрессияға жақын болса, яғни әр қиындықты жүрекпен қабылдаса, онда сіз оған кішкентайынан шамадан тыс қамқорлық танытқан болуыңыз мүмкін. Еш мұқтаждық көрмеген баланың тағдыр соққыларын көтеруі қиын.
- • Егер балаңыз өзін өзгелерден төмен санайтын болса, онда сіз оған көбіне өздігінен шешім қабылдауына мүмкіндік бермейтін болуыңыз мүмкін.
- • Егер балаңыз дөрекі мінез көрсетсе, бұл сіздің де, оның да достарының кері әсерінен болуы мүмкін. Алдымен өзіңізді тәрбиелегеніңіз жөн және оның араласатын ортасына көңіл бөліңіз.
- • Егер балаңыз сізді шамадан тыс мазалай берсе, бұл сіздің оған аз көңіл бөлетініңізді білдіру мүмкін.
Қартайған шағыңызда балаңыздан жақсылық көргіңіз келсе, сіз одан бүгін жылуыңызды аямаңыз!